Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәңгілік шырқар жырымсың

Мәңгілік шырқар жырымсың

Жыл сайын Қазалы ауданында Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туған күніне орай түрлі шаралар қолға алынып, кең көлемде аталып өтеді. Ал биыл жерлесіміздің дүниеге келгеніне - 121 жыл толып отыр.
Жылдағы дәстүрге сәйкес бүгін ауданда “Ғани кубогы” үшін мекемелер арасында шағын футболдан аудандық турнир және жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Қазалы қаласындағы Ғани алаңында өткен «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты мүшәйраны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, жалынды жастың аз ғұмырда жасаған еңбегі бүгінгі жастарға үлгі екендігін жеткізді.
Рухани шара мұнан соң Ғани Мұратбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасып, сахна төрінде жас Ғанидың образы сомдалып, ҚР-сы көркем академиясының академигі, композитор Шәміл Әбілтайтың «Ғани Мұратбаев» атты күй шырқалды.
Мүшәйрада 14-29 жас аралығындағы ауданымыздың әр аймағынан келген 10 жас ақын бақ сынады.
Нәтижесінде Ғ.Мұратбаев ауылынан келген №91 мектептің 10 сынып оқушысы Батыр Сәбитов бірінші орынды иеленді. Сол секілді екінші орынға Аранды ауылынан №97 мектептің 10 сынып оқушысы Шынар Ақниет жайғасса, үшінші орын Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Шарапат Берікбол мен Жанқожа батыр ауылынан келген жас ақын Манзура Ұлмамбетке бұйырды.
Айта кетейік, шара соңында кіші футболдан өткен аудандық турнирдің жеңімпаздары да марапат төрінен көрінді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 маусым 2023 ж. 67 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031