Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар

Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар

Адамдардың суға кетуінің негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу.
Қазақстанда жыл басынан бері 45 адам, оның ішінде 14 бала суға кетіп, қаза тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында баяндады. Министрдің айтуынша, суға батқандардың ең көбі Ақтөбе (5 бала), Абай (5 адам, оның ішінде 2 бала), Қостанай (5 адам) облыстарында.
"Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу", – деді министр.
Ал соңғы 3 жылда елде 1 103 адам, оның ішінде 321 бала суға кеткен.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ел бойынша 487 орында шомылуға рұқсат етілген. Оның 149-ы – коммуналдық, 338-і – жеке жағажай. Дегенмен, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында рұқсат етілген орындардың тізбесі әлі бекітілмеген. Ал Алматы және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің қаулылары қайта өңдеуді талап етеді. Рүқсат етілген жағажайлардың 180-інде медициналық пункттер және балаларға арналған шомылу учаскелері жоқ.
06 маусым 2023 ж. 230 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 124

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031