Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды – ІІМ

Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды – ІІМ

Елімізде ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқоры біріктірілді
Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ксеll», «КаР-Тел», «Altel» және «Теle2» ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды.
«Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал осы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млн-нан асады», - делінген хабарламада.
Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде call-орталықтар деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда.
«Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды», - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендегенін атап өткен жөн.
01 маусым 2023 ж. 137 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930