Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады
Еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді.
Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
"Бүгінгі таңда елдегі цифрландыруды дамытудың жаңа жағдайында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы байланыс және коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, ақша қаражаттарын, банк карталарын сақтауға арналған платформа болып табылады, сондай-ақ гаджет қосымшаларының көмегімен онлайн режимінде кредиттер, микроқарыздар ресімдеуге және түрлі мемлекеттік қызметтерді алуға болады", – деді министр.

Сонымен қатар, ол елге ұялы телефондарды, соның ішінде IMEI қайталанатын кодтарын әкелудің "сұр" схемалары туралы айтты.
"Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры" (СКДҚ) мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді.
Бұл ретте салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің бюджетіне түспей қалған сомма шамамен 100 млрд теңгені құрайды", – деді министр.
Қайталанатын IMEI кодтар құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Осы мәселелерді қолға алу үшін, Министрлік "IMEI кодтарының дерекқорын" кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодтарын тексеруге болады.
Бұл механизм:
заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
Кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
Жалған құрылғыларды 99%-ға азайту;
Мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыратын алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайту;
Реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
"Осыған байланысты, пайдаланылған ұялы телефондарды сатып алғанда, тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың бар-жоғын тексеруді ұсынамыз", – деді министр.