Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан мен ауылға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Аудан мен ауылға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрық-жобасын әзірледі, деп хабарлайды inform.kz.
Құжатта жазылғандай, енді ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған мамандарға мына мөлшерде жәрдемақы беріледі:
- көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-тен (345 000 теңге) аспайды;
- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит - аудан орталықтарына келген мамандар үшін 2500 АЕК-тен (8 625 000 теңге) аспайды;
- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК-тен (6 900 000 теңге) аспайды.
«Осы бұйрықтың 1-тармағының 2 тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит – 1 500 АЕК (5 175 000 теңге) аспайды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығында.
Яғни, келер жылға дейін аудандар мен ауылдарға барған жас мамандарға үй алу үшін 5,1 млн теңге берілсе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома ауданда 8,6 млн, елді мекендерде 6,9 млн теңге болып бекітілмек.
31 мамыр 2023 ж. 1 535 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 181

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031