Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы ел болашағы – жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салаларының жас мамандарымен қамтамасыз етуге қолайлы мүмкіндік берді.
Ал жас мамандар ауылдық жерлерге жұмысқа барудан бас тартпайтындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Бағдарлама іске асырылған 9 жыл ішінде ауылдық елді мекендерге 54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа келіп, 12,5 миллиард теңге сомасында көтермеақы алғандығы және олардың 23,5 мыңға жуығына 57 миллиард теңге сомасында тұрғын үй алуға несие берілгендігі соның айғағы.
Ең өзекті мәселе – бағдарлама толық көлемде қаржыландырылмай келеді. Мысал үшін, жергілікті атқарушы органдар аталған бағдарлама бойынша 2018 жылға арналған бюджеттік несиелерге 19 миллиард теңгеден астам қаржы сұраған болса, іс жүзінде 13,7 миллиард теңге бөлінген. Сондықтан да ауылдық жерлерде кейінгі кезде жыл сайын 6 мыңдай жас маман жұмысқа орналасқанымен, олардың тең жартысына жуығы ешқандай мемлекеттік қолдаумен қамтылмағандықтан, орынды реніш білдіруде. Мәселен, биылғы жылы бағдарламаға 3786 маман ғана енгізілген. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің үстіміздегі жылдың басындағы мәліметі бойынша ауылдық жерлерде 580 дәрігер жетіспейді. Бұған қоса, Білім және ғылым министрлігінен алынған дерекке қарағанда, республика бойынша қазір 4952 мұғалім тапшы.
Сондай-ақ Үкіметтің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына сәйкес тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін 1500 айлық есептік көрсеткіш (3 607 500 теңге) мөлшеріндегі жеңілдікті несие кейбір ірі елді мекендерде, негізінен, ауылдық аудандардың орталықтарында тұрғын үй салуға немесе пәтер сатып алуға жетпей, екі-үш жыл бойы баспана ала алмай жүрген жас мамандар бар.
Облыстар мен аудандар орталықтарынан жақын және алыс қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасуға баратын жас мамандарға бөлінетін көтерме жәрдемақы мөлшері бірдей екендігі де ойландырмай қоймайды.
Тағы бір өзекті мәселе – қазір ауылдық аудандардағы мемлекеттік органдарда 900-ден астам жұмыс орны бос тұр. Ал облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет істеп жүрген жас мамандар өздерін аталған бағдарламаға енгізсе, ауылдық жерлерге барып жұмыс істеуге қарсы емес екендіктерін білдіруде. Осы айтылған жайлардың негізінде біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың құзырына мынадай ұсыныстар енгіздік:
1. Алдағы уақытта бағдарламаны жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін ескере отырып, толық көлемде қаржыландыру мәселесін шешу;
2.Ауылдық жерлерге жұмысқа баратын жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін жеңілдікті бюджеттік несие мөлшерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту;
3. Облыстар мен аудандар орталықтарынан жақын және алыс қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекендерге жұмысқа баратын жас мамандарға бөлінетін көтерме жәрдемақы мөлшерін қайта қарап, шалғайдағы ауылдарға, соның ішінде алыстағы шекаралық елді мекендерге жұмысқа орналасатын жас мамандарға берілетін көтермеақы мөлшерін қазіргі 70 айлық есептік көрсеткіштен 150-200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру;
4. Бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған ауылдық аудандардың орталықтары болып табылатын моноқалалар мен шағын қалаларды енгізу қажет.
Кәрібай МҰСЫРМАН,
21 мамыр 2018 ж. 3 910 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930