Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Бүгін Сенаттағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық экономика министрлігі тарапынан ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған «Дипломмен ауылға» және «Ауыл ел бесігі» жобалары іске асырылуда. «Дипломмен ауылға» жобасының басты мақсаты - денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдардың, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы дипломдары бар мамандарды тіркеу және ынталандыру. Жоба аясында 100 АЕК мөлшеріндегі бір реттік көтерме жәрдемақы ретінде әлеуметтік қолдау және тұрғын үйге 1500 АЕК-тен аспайтын бюджеттік несие түріндегі жаңа қолдау шаралары қарастырылған», - деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру кезеңінде (2009 жылдан 2020 жылға дейін) 77 мыңнан астам маман 19,5 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды, ал 36 мыңнан астам маман 105,3 млрд теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды.
«2021 жылға 4,5 мың маманға 20 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру және жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 8 мың маманға көтерме жәрдемақы беру жоспарланған. Сонымен бірге, 2021-2025 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру аясында жобаны 110 млрд теңге сомасына қаржыландыру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров аграрлық кешенінің дамуына кері әсерін тигізген факторларды атады.
Өз кезегінде сенатор Дүйсенғазы Мусин бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік сақталып тұрғанын, оның көлемі өткен жылы 4 млрд АҚШ долларынан асқанын айтты.

11 маусым 2021 ж. 728 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930