Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы мейірбикелер еңбегі ұшан теңіз. Осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі көрініп тұрары анық. Ұлт денсаулығын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жемісті жұмыстар осының айғағы. Мейірбикелер сала жұмысының алға жылжуына едәуір үлес қосып, халықтың денсаулығын жақсарту аясында жасалынып жатқан жұмыстардың барлық белесінде көрініп, адал еңбек етіп келеді десек артық айтқандық емес.
Сондықтан науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек. Осы орайда 12- мамыр халықаралық мейірбикелер мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы «Шипагер» бастауыш партия ұйымында болып, ақ халатты абзал жандарды мерейлі мерекемен құттықтады. Шара барысында қалтқысыз қызмет етіп жүрген бірқатар сала өкілдерін «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Бұдан соң аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыткүл Әлмамбетқызы денсаулық сақтау саласында ұзақ уақыт бойы қызмет етіп, халық алғысына бөленіп жүрген бірқатар сала мамандарына алғыс хат пен арнайы сый-сияпат табыстады.
#AMANAT
26 мамыр 2023 ж. 477 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 143

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930