Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік мейірбикеге 50 мың теңгенің сертификаты табысталды

Үздік мейірбикеге 50 мың теңгенің сертификаты табысталды

  Бүгін Р.Бағланова атындағы аудандық мəдениет орталығында мейірбикелер күніне орай орта буын медицина қызметкерлері арасында "Мамандығы бойынша өз ісінің үздігі" атты сайыс өтті. Байқауға Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты медицина мекемелерінің 6 мейірбикесі қатысты.
  Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ашып, көпшілікті 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер мерекесімен құттықтады. Мерейлі күні бірқалаүр мейірбикелер облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Аудандық медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданазар Табынов та құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше қызметкерге Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері мен кәсіподақ тарапынан берілген бағалы сыйлықтарды тапсырды.
  Сайысқа орталық аурухананың мейіркеші Әлия Сүлейменова, орталық емхананың атынан Күләш Қартабаева, "Жалаңтөс" дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік мейіркеші Жұлдызай Убайдуллаева, "Жетес би" дәрігерлік амбулаториясының зертханашысы Әсем Рахат, "Бозкөл" дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Тоқтар Әлімжан, "Шипагер" дәрігерлік амбулаториясының мейіркеші Индира Исмагулова қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
  Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова бастаған әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін "Таныстыру", "Өз өнерін көрсету", "Сұрақ-жауап" және "Мен өз саламдағы жұмысымды жаңғырту үшін қандай жаңалық енгізуім керек" деген сияқты аталымдары бойынша сарапқа салды. Аталған сынақтардан сүрінбей, өзгелерден өнерімен де, білімімен де дараланған Әлия Сүлейменова байқау жеңімпазы атанды. Байқауға қатысушыларды құттықтаған бас дәрігер Гүлжихан Тасеменқызы жүзден жүйрік шыққан орталық аурухананың мейіркешіне 50 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Өзге қатысушыларға жарысқа белсенді қатысқандары үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.

Қазалы ауданаралық аурухананың баспасөз қызметі


18 мамыр 2019 ж. 2 239 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031