Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жаңа облыс құрылуына байланысты еліміздің жаңа картасы жасалды

Үш жаңа облыс құрылуына байланысты еліміздің жаңа картасы жасалды

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы әзірленді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Өткен жылы Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа үш өңір – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Осыған орай Үкімет іс-шара жоспарын бекітіп, ондағы тармақтардың бірі - Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа облыстардың тақырыптық картасын өзектендіру болды», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, бұл бағытта қыруар жұмыс істелген.
«Әріптестеріміз үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның саяси-әкімшілік картасын жасады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылып, 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының картасы әзірленді. Сонымен қатар 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының, 1:10 000 масштабпен Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды», - деді Әсет Тұрысов.

19 мамыр 2023 ж. 278 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 195

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930