Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәлімді тренинг өтті

Тәлімді тренинг өтті

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты үйлесімді ету, сүйіспеншілікті сезіндіру мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен олардың ата-аналары, психолог мамандарымен «Отбасы жылуы – бала бақыты» атты семинар-тренинг өтті.
Шараны колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жаңылова ашып, маңызды кездесудің мақсатыме нтаныстырды.
Тренинг барысында «Ана туралы ғибратты әңгімелер» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, колледж педагог-психологы Е.Баекеев «Сәлемдесу» тренингі мен «Тұз» терапиясын жасады. Сондай-ақ ата-аналар «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында талдау жасап, әр ата-ана өз баласының бойындағы үш жақсы қасиетті атап өтті.
Семинар-тренингке қатысушылар төрт топқа бөлініп, жеребе бойынша берілген тапсырмаларды бәрі бірлесе орындады. Қазалы қалалық емхана психологы Ж.Сағымбай ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты кеңестерді айтып, біршама дүниеден құдағдар етті.

Гүлназ ТАҢАТОВА,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
әлеуметтік педагогы
16 мамыр 2023 ж. 334 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031