Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде баспана бағасы арзандады

Елімізде баспана бағасы арзандады

Бір жылда (2023 жылғы сәуір 2022 жылғы сәуірге) пәтерлерді қайта сату бағасы - 3,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 7,8% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы сәуірде 27,6% артты, деп хабарлайды baq.kz
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер бағасы жылдық мәнде Ақтөбе - 25,4% және Ақтау - 24,8% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Семей (31,6%), Қызылорда (30,2%), Ақтау (24,8%), Қостанай (23,2%) және Ақтөбе (22,4%) қалаларында байқалды, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Көкшетау (45,5%), Петропавл (45,2%), Алматы (43,9%), Ақтау (41,1%) және Қостанай (40,8%) қалаларында айтарлықтай өсті.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы сәуір 2023 жылғы наурызға) тұрғын үй нарығында арзандау барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6%, пәтерлерді қайта сату 1,5% төменедеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5% арзандады.
Бұл ретте, сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды. 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 - 17,7%) және Астана (4 772 - 15,2%) қалалары көш басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз - 342 бірлік (1,1%). 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2%-ға), Маңғыстау (45,5%-ға) және Ақтөбе облыстарында (45,2%-ға) тіркелді.
Сонымен қатар, оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалды. 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7%-ға (5 351 мәмілеге) өсті. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2%) тиесілі. 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29%-ға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды. 2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 40,1%-ға азайған, ол кезде 52 520 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-68,2%-ға) байқалды. Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. 2023ж. қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер саны 2022ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда да теріс динамика көрсетті - -48%.
11 мамыр 2023 ж. 250 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 30

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930