Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа салынған пәтер бағасы қай өңірлерде айрықша қымбаттады

Жаңа салынған пәтер бағасы қай өңірлерде айрықша қымбаттады

Бір жылда (2022 жылғы қыркүйек 2021 жылғы қыркүйекке) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады. Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%) тіркелді.
«Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі», - делінген хабарламада.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы  қыркүйек пен тамызды салыстырғанда) пәтерлерді қайтара сату бағасы 1,1%-ға өсті, тамыздағы көрсеткіш 0,4% мөлшерінде болған. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы тамызда 0,1%-ға арзандауды көрсетсе, осы жолы баға бір айдың ішінде 0,3% өсті.




07 қазан 2022 ж. 662 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031