Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға өскен, деп хабарлады baq.kz
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3%-ға артты.
Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:
Ақтөбе қаласында – 25,4%;
Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.
Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:
Қызылорда қаласы (37,8%);
Ақтау қаласы (32,6%);
Семей қаласы (31,6%);
Қостанай қаласы (29,2%);
Өскемен қаласы (24,7%).
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:
Көкшетау қаласы (51,1%);
Петропавл қаласы (48%);
Алматы қаласы (45,4%);
Қостанай қаласы (45%).
Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2%-ға өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7%-ға төмендеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
11 сәуір 2023 ж. 305 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930