Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Витаминнің де түр-түрі бар

Витаминнің де түр-түрі бар

Витамин – ерекше органикалық зат. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Витаминдер латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:
1) суда еритіндер (С,Р,РР, және В тобының витаминдері);
2) майда еритін­дер (А,Д,К,Е);
А витамины (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамины жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамины – балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанақта, т.б. болады.
В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан В тобының витаминдері зат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің (тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери), жүрек ауруына шалдықтырады. В2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді. Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады. В6 (пиридоксин) нәруыз бен майлар алмасуына қажет.
В12 (цианокобаламин) витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қантамырларының жұмысына әсер етеді.
С витамині (аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс – жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көптеп пайдаланған жөн.
Д витамині (кальциферол) организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендегені дұрыс.
К витамині қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл витамин жетіспегенде – жарақаттанған адамның қаны ұйымай, көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанақты және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.
Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн. Піскен тамақта витаминдердің бұзылмай сақталуы қажет.
Витаминдерді ауру және сау адамдар дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Оны дұрыс тұтынбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшыратып, денсаулыққа зиян келтіруі де мүмкін.

Күлайша ҚАРАБАЛА,
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС дәріхана меңгерушісі.
29 мамыр 2018 ж. 6 294 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930