Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мүгедектікті растау жеңілдей түспек

Елімізде мүгедектікті растау жеңілдей түспек

Қазақстанда мүгедек екенін растау процесі жеңілдей түспек. Енді қағаз тасып, мекеме аралаудың қажеті болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп екі жыл бойы мүгедектікті сырттай куәландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырып келеміз. Осы жұмыс аясында біз әріптестерімізбен бірге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін органдарға қағаз түрінде ұсынылуы қажет бірқатар құжат санын қысқарттық. Бұл бағытта алдымен проактивті режимге ауыстырылатын нозологиялардың тізімін кеңейтетін боламыз. Яғни медициналық-әлеуметтік сараптама құрылымдарына тікелей барудың қажеті болмайды. Осылайша мүгедектікті растау үшін жүгіріс азая түспек», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.
Айта кетсек, енді қазақстандықтар рецепт бойынша дәрілерді QR код арқылы алады.
Аталған қызмет әзірге пилот жоба ретінде елорда емханаларында іске қосылды. Жыл соңына дейін басқа да өңірлерде іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың медициналық анализдердің нәтижесіне онлайн қол жеткізе алатыны туралы хабарлаған едік.

02 мамыр 2023 ж. 262 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 146

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031