Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеңілдетілген теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеңілдетілген теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

Енді Қазақстанда жолаушылар және жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған "Адал жол" жобалық кеңсесі жұмыс істейді, - деп хабарлайды  Egemen.kz

Жобалық кеңсе азаматтардан келіп түскен темір жол көлігі саласындағы проблемалық мәселелерді зерделеу кезінде барлық топтағы мүгедек жандар үшін онлайн режимде жеңілдетілген т/ж билеттерін сатып алу мүмкіндігі жоқ екенін анықтады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрбір билет сатып алу кезінде мүгедектікті растау үшін вокзалға баруға тура келді, бұл өз кезегінде қала бойынша қозғалуға байланысты қосымша қолайсыздықтар мен шығындар тудырады.
«Адал жол» жобалық кеңсесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірлесіп деректер базасын біріктіру жолымен жоғарыда аталған мәселені шешуге бастама жасады.
Нәтижесінде, ағымдағы жылғы 26 маусымнан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның сайтында мүмкіндіктері шектеулі жандарға билеттерді онлайн сату бойынша қызмет енгізілді.
Билетті онлайн режимде сатып алу үшін мүгедектікті бір рет растап, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның кассаларынан "Мейірім" электронды дисконт-картасын алу қажет. Оны пайдалану арқылы жолаушыларға үйден шықпай-ақ, bilet.railways.kz сайтында жеңілдетілген билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігі қолжетімді.
Өзімен бірге міндетті түрде жеке басты куәландыратын және мүгедектікті растайтын құжаттар болуы тиіс.
10 шілде 2020 ж. 969 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 114

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 105

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30