Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 39 мыңнан астам адам мүгедектікке онлайн өтініш берді

39 мыңнан астам адам мүгедектікке онлайн өтініш берді

Қазіргі уақытта жобаға 625 медициналық ұйым қосылған.Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 39,3 мың өтінім қаралды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20% - ға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 22,6%-ды құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды қағазбастылықтан арылтуды, инстанциялар бойынша жүруін және қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асыруда.
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Жалпы, сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
04 қазан 2022 ж. 451 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930