Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау керек пе – министр жауап берді

Атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау керек пе – министр жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды sputnik.kz.
"Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде көмек алып отырған отбасылар бар. Онда жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз", - деді Дүйсенова үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Министрдің айтуынша, бұрын атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғындар өздері келіп арыз жазатын. Енді АӘК тағайындауға Отбасының цифрлық картасы көмектеседі.
"Жуырда мен депутаттармен кездесіп, цифрлық картаны көрсеттім. Бізде табысы күнкөріс деңгейінен төмен, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар, объективті және субъективті себептер бар. Осыған қарап, әрбір отбасыны анықтап, атаулы әлеуметтік көмекті беру мәселесін қарастыру керек екенін айттым", - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Бұған дейін Қазақстан халық партиясының мәжілістегі депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынған болатын.
Депутаттардың пікірінше, АӘК көпбалалы отбасылар үшін нақты көмек болып тұрған жоқ. Өйткені көмекке мұқтаж көпбалалы, жұмыссыз аналарға жүздеген сынақтан өтуге тура келеді. Ал төленетін көмек мөлшері мардымсыз.
19 сәуір 2023 ж. 301 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 202

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031