Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада оқушылардың тамақтан улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада оқушылардың тамақтан улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Келінтөбе ауылында мектеп оқушыларының асханада улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ ауруханадан мәлім еткендей, балалардан алдына ала қойылған сальмонеллез диагнозы алынып тасталды. «Тексеру барысында мектеп асханасы қызметкерінен стафилококк белгілері анықталды. Лабораториялық зерттеу бойынша стафилококктың табылуына байланысты сальмонеллез диагнозы алынды», - деді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова. Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектептің 25 оқушысы тамақтан уланғаны жөнінде бұған дейін хабарлаған едік. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жүгінген. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, лоқсып, іштері өткен. «Бүгінгі таңда, 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық қалдықтар, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда», - деген болатын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Әділжан Үмбет
inform.kz​​​


25 мамыр 2018 ж. 1 273 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 177

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 163

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 181

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031