Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау касса машинасыныңтүбіртегін мемлекеттік тілде беру тәртібі

Бақылау касса машинасыныңтүбіртегін мемлекеттік тілде беру тәртібі


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) тіл саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті орган ретінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында,қоғамдық орындарда және т.б. тіл заңнамасының сақталуын бақылауға қатысты жүйелі жұмыс жүргізуде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»ҚР Заңының (бұдан-Заң) 4-бабында мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Министрлікке азаматтардан бақылау – касса машиналары (бұдан әрі -БКМ) арқылы жасалатын операциялардың тіліне қатысты ауызша арыз-шағымдар түсуде.Себебі барлық сауда нүктелері,банктер, әуежайлар мен қоғамдық орындардағы (асхана,дәмхана,мейрамхана,дәріхана,театр,кинотеатрлар және т.б.) БКМ арқылы берілетін түбіртек тек орыс тілінде басып шығарылады.
БКМ модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібі мен қағидасы «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген. (бұдан әрі - Қағида).
БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат,клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.
Сонымен қатар,жоғарыда көрсетілген Қаржы министрінің БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3-қосымшасына (1-кесте) сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып,қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс».
Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар,яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін мәлімдейміз.
Осыған орай, Қазалы ауданы бойынша бақылау касса машинасын қолданатын барлық кәсіпкерлер, салық төлеушілерді бақылау касса машинасының бағдарламасын жаңартуға жәнемемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырамыз.

Г. ЖАҚСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы «Салық
төлеушілермен жұмыс»
бөлімінің бас маманы

31 наурыз 2023 ж. 334 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930