Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 353 млрд теңге бөлінді

Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 353 млрд теңге бөлінді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков өңірлердегі жолдарды жөндеуге 300 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Өңірлердің орталықпен көлік арқылы ішкі байланысын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті автожолдар желісін дамыту жалғасып келеді. Айта кетейік, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар, сондай-ақ, қала ішіндегі көшелер желісін дамыту, жөндеу және күтіп-ұстау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Қазіргі кезде 70 мың шақырым жергілікті желі жолдарының 85 пайызы нормативтік жағдайда, бұл көрсеткіш 59,5 мың шақырымды құрап отыр», - деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, биыл жергілікті маңызы бар жолдардағы құрылыс, реконструкция және жөндеуге 353 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен - 154,5 млрд теңге, жалпы сипаттағы трансферттер - 147,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 51 млрд теңге.
«Бөлінген қаражат есебінен 4 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Биылдың қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі республика бойынша орташа есеппен 87 пайызға дейін жеткізілмек», - деді комитет өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілмек.
Жыл аяғына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады.
Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуға жер беру рәсімі жеңілдетіледі.
28 наурыз 2023 ж. 430 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031