Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктем аруы байқауы өтті

Көктем аруы байқауы өтті

Бүгін Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 2-4 сыныптың ару қыздарының қатысуымен "Көктем аруы" атты байқау "Аналар академиясының" демеушілігімен ұйымдастырылды.
Cайыстың мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық құндылығымызды, адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік туралы ұғымдарды сіңіре отырып, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты туралы түсіндіріп, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен Б.Сахиева жетекшілік ететін 3а сынып оқушысы Серік Іңкәр бас жүлдені жеңіп алды.
Ал 1-ші орынды 2а сынып оқушысы Әсемай Жарқынбай иемденсе, 2-ші орынға 2ә сынып оқушысы Кәусар Жанилова жайғасты және 3-ші орынды 4а сынып оқушысы Кәусар Мырзабек місе тұтты.
Сонымен қатар қатысушылар арасында "Сымбатты ару" номинациясын 4ә сынып оқушысы Оңталап Кәусар иеленсе, "Бұрымды ару" номинациясы 3ә сынып оқушысы Аяжан Аралбаеваға бұйырды.
Сондай-ақ  3б сынып оқушысы Бауыржанқызы Айзере "Өнерлі ару" номинациясына лайықты деп танылса, 4б сынып оқушысы Амина Дайрабай "Сүйкімді ару" номинацияларын иеленді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

07 наурыз 2023 ж. 1 477 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930