Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала денсаулығына байыппен қараған жөн

Бала денсаулығына байыппен қараған жөн

Қазіргі таңда балалар арасында қант диабеті белең алып барады. Дәрігерлер де дабыл қағуда. Осы орайда аудандық емхананың балалар эндокринолог дәрігері Әйгерім Алуадиновамен сұхбаттасып, аудандағы ахуалдың жай-жапсарын білген едік.

– Әйгерім Алпысбайқызы, бүгінде аудан бойынша қанша бала осы дертке шалдықты? Неше жастағы бүлдіршіндер арасында ауру дендеп тұр?
– Қант диабетімен ауыратын адамдардың жыл сайын саны артып келеді. Өкінішке орай олардың арасында балалар көбейіп жатыр. Біздің ауданымызда 15 бала диспансерлік есепте тұрады. Соңғы 1 айда 4 бала бірінен соң бірі анықталды. Қант диабеті 2-13 жас аралығындағы балалар арасында жиі кездесуде.
– Жалпы бұл аурудың қандай белгілері бар? Халыққа қарапайым тілмен жеткізсеңіз...
– Қант диабетінің негізгі белгілері аузы құрғап, шөлдеп, қайта-қайта көп мөлшерде су іше беруі, терісі құрғап, түнгі мезгілде кіші дәретке жиі бару, салмақ тастау, баланың иммунитеті төмендеп жалпы әлсіздік болып жата береді.
– Аурудың алдын алу үшін ата-ана не істеуі қажет?
– Көбіне балалар қант диабетінің 1-інші типтегі түрімен ауырады. Олар инсулинге тәуелді болып келеді. Бұл ауруға шалдығудың басты себептері дұрыс тамақтанбау, дене қозғалысының аздығы, стресстік жағдайлар, сонымен бірге тұқымқуалаушылық болып табылады. Қазіргі таңда балалар тез дайындалатын фаст-фуд секілді тағамдарды, газдалған тәтті сусындарды көп тұтынады. Сол себепті әр ата-ана осы тағамдарды балаға бермей, дене шынықтыру жаттығуларын жиі жасатып, салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене белсенділігін арттыру жайында көбірек айтып отыруы керек.
– Науқасқа шалдыққан балаға қалай күтім жасалады?
– Ең басты күтім – баланың дұрыс тамақтануы мен жеке бас тазалығын қадағалау. Инсулинге тәуелді түрі болғандықтан дәрігер кеңесімен уақытылы инсулинді салып отыру керек.
– Бұл ауру бала организмінен түбегейлі жойыла ма? Ол үшін қандай сауықтыру шаралары жүргізіледі?
– Қант диабеті аутоиммунды созылмалы ауру болғандықтан түбегейлі жойылуы мүмкін емес. Баланың күтімі болып, диета сақталып, режим қадағалануы керек. Жылына 2 рет стационарлық ем қабылдап, 3 ай сайын амбулаторлы тексерулерден өтіп, анализ тапсырып отырады.
– Дертке душар болғандарға тегін дәрі-дәрмек беріле ме? Оны қайдан, қалай ала алады?
– Балаларда қант диабетінің 1-інші типі инсулинге тәуелді түрі болғандықтан негізі емі – инсулин. Яғни ұйқы безінің инсулин бөлінетін қабілеті жойылады. Сол себепті бала организіміне сырттан инсулин енгізуге тура келеді. Инсулиндер мен қандағы қант деңгейін анықтап отыру үшін глюкометр аппараты беріледі. Мемлекет тарапынан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған помпа аппараты бар. Бұл құрылғымен біздің 15 баланың 8-і қамтамасыз етілген. Помпа дегеніміз жасанды ұйқы безі. Оны бала денесіне жабыстырып қойсақ, инсулинді өзі бала бойына бөліп отырады. Бұл аппарат өте ыңғайлы, сонымен бірге қандағы қант мөлшерін тұрақты ұстап тұруға көмектеседі. Барлық есепте тұратын балалар 3 ай сайын инсулиндер мен тест жолақтары, инелермен қамтамасыз етіледі. Бұл дәрілерді аймақтық дәрігерлер арқылы эндокринолог қабылдауына жазылып, тегін рецепт арқылы емханадан алады.
Сосын аудандық емханада «Қант диабеті мектебі» бар. Мұнда балалар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
– Пайдалы кеңесіңізге рақмет.

Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 ақпан 2023 ж. 527 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031