Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруашылық басшыларымен маңызды мәселелер талқыланды

Шаруашылық басшыларымен маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов егін егу маусымының вегетациялық кезеңінде егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету және туындап отырған су тапшылығы мәселесін талқылау мақсатында аудандағы егін егумен айналысатын шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Жиында шаруашылықтарға су жеткізуге қатысты өзекті түйткілдер, су реттеу кестесі, су беруші мекемелердің мүмкіндіктері мен шаруа иелерінің ұсыныс-пікірлері талқыланды.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Су – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмеуі тиіс» деген болатын. Қазіргі су тапшылығы жағдайында суды үнемдеп пайдалану, кезекпен беру және ұтымды ұйымдастыру маңызды. Сондықтан жауаптылар су таратуды қатаң бақылауда ұстап, шаруалардың егінін уақытылы суғаруға барлық мүмкіндік жасау керек. Сондай-ақ алдағы жылы орналасатын ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін нақтылау барысында, суды аз тұтынатын әртараптандыру бағытындағы дақылдарға басымдық беріп, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын өндірістік негізде егуді жандандыру және ауыл тұрғындарына бақшалық жерлерді дайындауға көмек көрсетуді тапсырамын, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, егін егумен айналысатын шаруашылықтар су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмыс жасауы қажет, - деді аудан басшысы.
Кездесу барысында шаруашылық басшылары да су шаруашылығына қатысты өз ойларын ортаға салып, бекітілген егіс көлеміне сәйкес ауданға белгіленген су лимитінің әділ бөлінуі жөнінде облыстық мекемелерден талап етуді сұрады.
Аудан басшысы шаруашылық басшыларының айтқан мәселелері назарға алынатынын және тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар алдағы маусымда егін егу жұмыстарын ұқыпты жоспарлау, жаңа технологияларды тиімді енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және судың көлеміне қарай аудандағы егін шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру бағытында шаруашылықтарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша шаруашылықтардың жоспарына сәйкес барлығы 17 340 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде күріш дақылын 6370 гектарға орналастыру жоспарланып отыр.
27 қараша 2025 ж. 109 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930