Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инвестициялық жобалар – аудан экономикасының тірегі

Инвестициялық жобалар – аудан экономикасының тірегі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалуына байланысты мәжіліс өткізді.
Қазалы ауданы бойынша инвестициялық платформаға құны 8 млрд.теңге болатын барлығы 16 жоба енгізілген. Оның ішінде, 2,2 млрд. теңгенің 11 жобасы іске қосылса, жыл соңына дейін құны 60 млн. теңгенің 1 жобасы іске қосылады. Ал, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына 6,5 млрд.теңгені құрайтын 5 ірі жоба енгізілген.
Мәжілісте аудан әкімі жауапты орынбасары мен тиісті сала басшыларына инвестициялық жобалардың орындалуы бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, іске асыру барысын бақылау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және туындайтын мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды. Сонымен қатар жобалардың «қызыл аймаққа» түспеуін қатаң бақылауға алуды ескертті.
– Инвестициялық жобалар – аудан экономикасын көтерудің негізгі тетігі. Сондықтан олардың орындалуына салғырт қарауға болмайды. Әр жоба – жаңа жұмыс орындары, халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
27 қараша 2025 ж. 246 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 97

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930