Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сусамырдан сақтанған жөн

Сусамырдан сақтанған жөн

Соңғы уақытта қант диабетi атауымен белгілі “сусамыр” ауруы бұл күні дүйім жұртты бейжай қалдырмауда. Дәрігерлер де салауатты өмір салтын сақтау керектігін, артық салмақтан арылу жайын түсіндіріп, дабыл қағуда. Осындай дертпен дер кезінде емделмесе, асқынып кететіндігі ақхалаттыларды алаңдатуда.
 Дәрігерлердің айтуынша, сусамырмен көбіне 40-50 жастан асқандар ауырады. Кейінгі кезде балалар да осы қатерлі ауруға жиі шалдығуда. Ағзаға дендеген сырқат жыл сайын өршуде. Оның ерекшелігі сонда, бастапқы белгілері білінбейді. Сол себепті де алдын алып азаматтардың денсаулығын жақсарту жолында “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Баянды бағдарлама аясында қатерлi iсiк, жүрек, қан-тамырлары аурулары мен қант диабетін де уақытылы анықтап, ем-дом жүргізу мүмкін болды. Дер кезінде емдеу шарасы ұзақ өмір сүруге кепілдік береді деседі мамандар.
– Қант диабеті қазіргі таңда жиі таралған аурулардың қатарында. Оны эпидемиологиялық емес, пандемия жағдайында даму үстінде деп те айта аламыз. Негізгі ауру себебі – тұқым қуалаушылықпен қоса, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, семіздік, стресстік жағдайлар жатады. Белгілері, ұзақ уақыт бойы білінбегендіктен, науқастар көбіне денсаулығына мән бермей жатады. Ауыз құрғау, шөлдеп жиі су ішу, терінің қышуы, жиі кіші дәретке шығу, шаршағыштық болса, уақыт өткізбей дәрігерге қаралған жөн. Егер қант диабеті диагнозы қойылса, дәрігер бақылауында болып, тағайындалған емін қабылдап, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Қант диабетін ерте диагностикалау қазіргі кезде медицина саласының алға қойған өзекті мәселелері саналады. Ол үшін әр жылда жасқа сәйкес мектеп оқушыларын және ересектерді скринингтік тексеруден өткіземіз. Глюкометр арқылы қандағы глюкоза деңгейі тексеріледі. Сонымен бірге әр аптаның бейсенбі күні “Қант диабеті” мектебі өткізіледі, – дейді теміржол емханасының дәрігер эндокринологы Гүлфариза Бердібаева.
Дәрігердің айтуынша, Қазалы теміржол емханасы бойынша 301 науқас “Қант диабетінен” диспансерлік есепте. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар. Ересектер 2021 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығы негізінде тегін дәрілер алуда.
Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының мәліметінше, қант диабетіне 20 миллионға жуық адам шалдыққан. Олардың ішінде 10 процентін балалар мен жасөспірімдер құрайды. Оның кең таралуы әлеуметтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді. Көпшілікті жаппай жоспарлы медициналық тексеруден өткізу, ауыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, арнайы тамақ түрлерін шығару және санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу басты талапқа жатады.
Науқастарды емдеуде негізгі ем – диетотерапия және тиісті режимді сақтау.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

14 ақпан 2022 ж. 983 1

Irwin от 18 мамыр 2025 21:33
Hi terrific blog! Does running a blog similar to this require a massive amount work? I've absolutely no understanding of computer programming however I was hoping to start my own blog in the near future. Anyway, should you have any suggestions or techniques for new blog owners please share. I know this is off subject however I just needed to ask. Kudos! casino en ligne France Howdy would you mind sharing which blog platform you're using? I'm going to start my own blog soon but I'm having a hard time selecting between BlogEngine/Wordpress/B2evolution and Drupal. The reason I ask is because your layout seems different then most blogs and I'm looking for something unique. P.S Apologies for being off-topic but I had to ask! casino en ligne France Howdy very cool web site!! Guy .. Excellent .. Amazing .. I'll bookmark your site and take the feeds also? I'm glad to find numerous helpful info right here within the post, we want work out more techniques on this regard, thank you for sharing. . . . . . casino en ligne Write more, thats all I have to say. Literally, it seems as though you relied on the video to make your point. You definitely know what youre talking about, why waste your intelligence on just posting videos to your site when you could be giving us something enlightening to read? casino en ligne I don't know whether it's just me or if perhaps everybody else encountering issues with your blog. It looks like some of the text on your content are running off the screen. Can somebody else please provide feedback and let me know if this is happening to them too? This might be a problem with my browser because I've had this happen before. Cheers casino en ligne francais Somebody essentially lend a hand to make seriously articles I might state. This is the very first time I frequented your website page and thus far? I surprised with the research you made to make this actual post incredible. Fantastic activity! casino en ligne Thanks for finally writing about >Сусамырдан сақтанған жөн » Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30