Жеңілдетілген салық режимі төңірегіндегі дау: тізім бекітілді
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режиміне рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құжатта 40 қызмет түрі қамтылған:
мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қызмет;
музыкалық аспаптарды жасау;
сылақ жұмыстары;
ағаш ұстасы жұмыстары;
еден төсеу және қабырға қаптау;
сырлау және әйнек жұмыстары;
желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
такси қызметі;
өзге де пошта және курьер қызметтері;
дайын тамақты жеткізу;
өз меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
фотоқызмет;
ауызша және жазбаша аударма қызметі;
ветеринария қызметі;
жеке қолдануға арналған, тұрмыстық мақсаттағы басқа бұйымдарды жалға беру және лизинг;
тұрғын үйлерді тазалау;
коммерциялық қызмет бойынша көмектесу;
спорт және демалыс саласындағы білім беру;
мәдениет саласындағы білім беру;
өзге де білім беру қызметтері (басқа санаттарға кірмейтін);
көркем және әдеби шығармашылық;
компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
байланыс құралдарын жөндеу;
электрон тұрмыстық техниканы жөндеу;
тұрмыстық құрал-жабдықтарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
аяқ киім жөндеу;
табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея өнімдерін жөндеу;
жиһаз және интерьер бұйымдарын жөндеу;
қолсағаттар мен басқа да сағаттарды жөндеу;
зергерлік бұйымдарды жөндеу;
тоқыма және трикотаж бұйымдарын ретке келтіру;
тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма өнімдерін ретке келтіру;
тері бұйымдарын ретке келтіру;
музыкалық аспаптарды жөндеу;
кілемдерді ретке келтіру;
велосипед жөндеу;
жеке қолдануға арналған және тұрмыстық басқа да тауарларды жөндеу (басқа санаттарға кірмейтін);
шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері;
үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы;
үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауар өндіруі.
Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еске салайық, бұған дейін де вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты.











