Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауабы шешілмеген жыр

Жауабы шешілмеген жыр

Өткен тамыз айында кент ішіндегі аянышты аялдамалар жайы алаңдатып тұрғанын сөз етіп, «Панасы жоқ аялдама, көңілдерге қаяу ғана» деген мақала жазған болатынбыз. Міне, бүгін осы күрмеуі қиын түйткіл тағы да алдымыздан шығып отыр. Кеше редакцияға арнайы қоңырау шалып, мәселені қайта көтеруді өтінген кент тұрғыны Сәуле Аманқызы бұрынғы аялдаманы қайта орнату қажеттігін жеткізді.
– Әуел бастан бұл аялдамалар тұрғызылып жатқанда айналасын қоршайды деп ойладым. Кейін тек жарнама орны секілді тұрғанын байқадым. Іштей «Мұны да көрелік, әйтеуір жазда көлеңке таппай, қыста ықпана іздеп кетпесек болар еді?» дегенім бар. Расымен айтқаным дөп келгендей болды. Жазғы мезгілді қоя қойшы, өтіп кетті ғой. Өткен жолы жаңбыр жауғанда аялдаманы паналайық десек, үстіміз малмандай су болды. Айналасы ашық. Қай жағынан болса да су өтіп жатыр. Ал бүгінгідей қыстың көзі қырауда ол жерде тұруға мүлдем мүмкіндік жоқ. Желден ықпаналайтын жері жоқ. Бұл дегеніміз, масқара емес пе?! Болмай бара жатырса барлығын бұрыңғы қалпына келтіріп, ескі аялдамаларды қайта орнатсын. Әйтеуір олар күн, су мен желден тасалап тұратын еді, – деген ойымен бөлісті.
Жергілікті жұртшылық бұл аялдамаларды білетін болар. Олар 2014 жылы салынған. Оның үстіне биыл ғана қайта жөндеуден өтті. Расында қазақ батырлары мен ғұламаларының суреті жапсырылып тұр демесеңіз, аялдама сыйқы жоқ. Құдды бір көше бойына жай ғана қойылған жарнама тақтайшасы секілді. Айналасындағы қажетсіз жапсырылған қағаздардан көз сүрінеді. Тіпті, ол маңайда көлікке қол көтеріп тұрған жанды көрмейсіз. Неге десеңіз, күннің аптап ыстығында көлеңкелеуге келмейді. Иә, қақаған қыста ықпана болып жарытпайды. Мұндай аянышты аялдамалар ауданның Р.Бағланова, Жанқожа батыр секілді бірнеше көшесінде орналасқан.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, баяғы жартас, бір жартас. Ендігі аудан тұрғындары қыстың күні қырауда ықпанасыз аялдамаларда көлік тосатын болады. Бәрінен бұрын тұрғындар қыстың қақаған аязында панасыз аялдамаларда тоңып тұрғысы келмейді. Сондықтан осы мәселе жақын күндері оң шешім тапқанын қалайды.

А.БАҚЫТҰЛЫ
14 желтоқсан 2021 ж. 498 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930