Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олжас – Қазақстан Чемпионы

Олжас – Қазақстан Чемпионы

Ол мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ спортқа бір табан жақын болды. Өзгелерден дара болып, ерекшелігімен көзге түсті. Сол тұста Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің жанынан грек-рим күресінің шағын бөлімін ашқан білікті бапкер Сапарбек Көбегенов оны бірден байқап, өзінің шәкірті етті. Әңгіменің ауаны – кешегі ақпан айының басында Алматы қаласында грек-рим күресінен ересектер арасындағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында жеңімпаз атанған Олжас Сырлыбай жайында.
№17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің палуаны аталған додада 97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен ол шешуші сәтте қарағандылық Сыдықовпен кездесті. Бұған дейін бозкілемде бірнеше мәрте белдескен палуандардың бұл жолғы айқасында Олжас жеңіске жетті. Осылайша ел біріншілігінде алтын медаль иеленді.
Негізі Олжас Сырлыбай өткен жылы Әлем чемпионатына бозкілемге шығу қажет болған. Алайда жарақат алып, ота жасатты. Артынша денсаулығына ден қойған спортшы көп ұзамай бәсекеге оралды. Ұдайы жаттығуда болып, күш жинады. Қайта бабына келген палуан ҚР чемпионатына жолдама алып, ақыры дегеніне жетті, Қазалы халқын қуанышқа бөледі.
– Бала күнінен Олжастың спортқа деген, оның ішінде грек-римге қызығушылығы тамаша болды. Өзгелерден ерекше қабілетімен көзге түсті. Қазақ «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деп бекер айтпаған. Сондықтан қолдан келген жұмысты жасап, бір жолға түсіп кетуіне күш салдық. Арада біршама уақыт өтті. Қазіргі деңгейі, жеткен жетістігімен алғашқы бапкері ретінде қуанамын, мақтан тұтамын. Оның алдағы жоспары – Азия чемпионаты. Кешегі жеңісі соған деген жорығының алғашқы қадамы десек те болады. Сондықтан алдағы бәсекелеріне сәттілік тілей отырып, Әлемнің үздігі болып, Олимпиада жеңімпазы атануына тілектеспін, – деді бапкер Сапарбек.
Жоғарыда айтып өткендей, Олжасты о баста осы спортқа баулыған Сапарбек Көбегенов. Мұнан соң әрі қарайғы бар күшті Қанат Көбегенов өз мойнына алған. Міне, осылайша қос бапкер біріге жүріп, Қазалы атын шығаратын палуанның іргетасын қалап берді. Бәрекелді!
Абзал ЖОЛТЕРЕК
07 ақпан 2023 ж. 465 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930