Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды

Қазақстанның барлық өңірінде бір уақыт аралығында онлайн режимде республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім додасында оза шапқан оқушылардың ерекше белсенділігін атап өтіп, жеңімпаздардың құттықтады.
Білім сынағына Қызылорда облысынан 24 мектептен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша 13 пәннен 56 оқушы қатысты. Оның 26-сы жеңімпаз атанды. Пәндер бойынша І орынды – 1 бала, ІІ орын – 11 бала, ІІІ орынды 14 бала иеленді.
Аймақ абыройын асырған жеңімпаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова марапаттап, әрбір дарынды жастың білімдегі талпынысын жоғары бағалады.
Жеңімпаздарға арнайы медаль мен «Батырлар жыры» кітабы табыс етілді.
Айта кетейік, республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына облыстан 3 білім ордасы енді.
20 мамыр 2021 ж. 2 211 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031