Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірі өлеңмен өрнектелген

Өмірі өлеңмен өрнектелген

Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде жергілікті ақын, сатирик Зейнолла Шыраевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын елдің ардағы» атты тағылымдық шара өтті.
Ақын есімін ұлықтауға арналған кеш шымылдығы немересі Аяла Жүсіпбектің орындауындағы «Атаға арнау» өлеңімен ашылды. Бұдан соң Қазалы қаласы әкімдігінің бас маманы Олжас Алдоңғаров тағылымдық шараның өз деңгейінде өтуіне тілектестігін білдірді. Ардагер ұстаз Алпамыс Түрікпенәлиев сөз алып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды.
Зейнолла Шыраев 1943 жылдың қаңтар айында Абай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шырай ағаштан түйін түйген ұста болған. Әкеден жалғыз Зейнолланың бойына әке өнері дарыған. Оның балалық шағы сонда өтіп, 7 жылдық мектептің табалдырығын 1953 жылы аттайды. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Мұқағали, Қасым шығармаларын сүйсіне оқитын талантты баланың алғашқы өлеңдері жазылған. 1960 жылы Қазалы қаласындағы №34 Ауылшаруашылығын механизациялау училищесіне (УМСХ) оқуға түсіп, 1962 жылы «Кең профильді тракторист-машинист» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын туған ауылынан бастайды. Ауыл жанындағы машина-трактор станциясында тракторист-механизатор болып жұмыс жасайды. Қиындығы мен қызығы мол ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп, ірі қара малын бағатын ферманың сауыншылары мен бақташыларын, шопандарды жаз жайлауға, күз күздеуге, қыс қыстауға көшіріп-қондырып, одан қалды колхоз шаруашылығындағы малдың қысқы мерзімдегі мал азықтандыратын жем-шөптерін дайындауға аттанды. Осындай жұмыстарды атқарып жүрген жас жігіт трактор рөлі мен әдеби қаламын қатар ұстап, өлең өлкесінің айдынында шарықтаған ақын. Ақынның алғашқы өлеңдері 1964 жылдан бастап баспасөз беттерінде жарық көре бастады. Өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық баспасөздерге жиі жарияланып, өзінің заманындағы замандастары мен оқырман көңілінен шықты. Оның республикалық «Жалын», «Жұлдыз» журналдары мен «Лениншіл жас» газетінде, облыстық «Ленин жолы», аудандық «Ленин туы» газеттерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Зейнолла Шыраев өмірлік жары Мәдинамен 1970 жылы отау құрып, екеуі алты перзент тәрбиелеп, өсіреді. Өкініштісі, ақын 1973 жылдан бастап жүрек ауруына шалдығады. 1985 жылы зейнетке шығып, 5 жылдан кейін 1990 жылы шілде айында өмірден өтеді.
Шығармашылығы бір төбе ақын ауыл еңбеккерлерімен бірге қыста малда, жазда егінде қызмет жасайды. Ешкімнің ала жібін аттамайтын адал, қисық жолға қарай қисайғанды көрсе, қалам ұшымен тез түзейтін ақкөкірек жігіт трактор рулінде отырып, туған жердің өсіп өнуі мен көркеюіне өз үлесін қосты. «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел болмас» дегендей, елі үшін қызметін аямаған ақынға қайтыс болғаннан кейін еңбегі ескеріліп, 1995 жылы Абай ауылынан бір көшеге аты берілді.Рухани кешке арнайы келген Абай ауылының ақсақалдары Әбілез Ешниязов, Өмірбек Бердібаев, Жарылқасын Қадыров пен «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірбек Күлімбетов, «Өнеге» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қазыбай Саниязов, шара қонақтары, Асылбек Сағымбаев Гүлжамила Ерболат естеліктер айтып, өлеңмен өмір жолын өрнектеген Зейнолла Шыраевтың шығармашылығын шәкірттерге таныстыра білді.
Музей қызметкерлері Әлібек Сералы мен Жұлдыз Ерболқызы, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Нұрмұхаммед Романқұлов, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей оқушысы Арман Айбекұлы ақын өлеңдерін оқыды. Тағылымы мол шараға атсалысқан мәдениет үйінің өнерпаздары Айбек Мәмбетов пен Едіге Айдаров жергілікті сазгердің өлеңдері мен термесін орындады. Бірнеше жанрға қалам тартқан өнерлі жан Зейнолла Шыраевтың «Тісіңнен шығарма» атты әзіл әңгімесі музей қызметкерлерінің дайындауында көрермен назарына видеоролик арқылы ұсынылды.
Шара соңында Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің директоры Роза Шорақызы ақынның жары Мәдина Шыраеваның иығына қазақы дәстүрмен камзол мен ақ жаулық жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ мерейлі кешке қатысқан қонақтарға естелік еретінде сый-сияпат тарту етілді. Өз кезегінде Мәдина Шыраева музей қызметкерлері мен Абай ауылының ақсақалдарына отбасының атынан ыстық ықыласын білдіріп, алғысын айтты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 қаңтар 2023 ж. 396 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031