Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бедел арттырған брендтер

Бедел арттырған брендтер

Қазалы ауданының кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, күн санап дамып келеді. Мұндағы ел экономикасына зор үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің өзіндік танымал брендтері де бар. Бір қызығы, брендке айналған тауарлар аумақтан асып, еліміздің шет-шетінде Қазалының беделін арттырып жүр. Солардың бірі – «РЗА» сүт өнімдері мен «Қазалы» кәмпиті болса, енді бірі өткен жылы қатарға қосылған «Қазалы» сабыны.








Көпті разы еткен «РЗА»
Елде Самұрат Имандасовтың бастамасымен құрылған «РЗА»-ны білмейтін жан кемде-кем. Себебі аталған орын бірнеше жылдан бері бүкіл Қазақстан аумағын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
Кәсіпкер сонау Венгриядан алты жүзден астам голштиндік-фриздік асыл тұқымды сиырларды Қазалы ауданына жеткізген. Мал шаруашылығының кешені заманауи еуропалық жабдықпен жабдықталған. Кешеннің барлық процестері автоматтандырылған. Сүт сататын дүкен тұтастай компьютерлік жүйеге құрылған, тіпті оның өнімділігі жоғары болуы үшін сиырларға Моцарт пен Вивальдидің классикалық музыкасын да қосып қоятын көрінеді. Естуімізше, асыл тұқымды жануарлар музыканы ұнатады деседі.
Осылайша, біртіндеп шаруа қожалығында малдың саны артты, қазіргі кезде шаруа қожалығы іс жүзінде шаруа қожалығын құруымен бірге қалыптасқан «Рза-Сүт» ЖШС сүт өңдеу кешенін ұсынады.
Мұнда неміс және итальяндық желілер орнатылған. Кешенде «Дәмді» тауар белгісімен пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, ірімшік шығарылады. Кәсіпорын дәстүрлі қазақ құртымен де танымал. Сонымен қатар аталған маркамен йогурт, ряженка, брынза және балмұздақ өндіру жоспарланған.
Аймақты 90 процент сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында 85 адам жұмыспен қамтылған. Өнім Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына жеткізілетін болады. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруашылыққа жем-шөп қорын даярлау үшін 1233 гектар жер учаскесі табысталған. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, «Электрмен жабдықтау» жобасы жүзеге асырылған.

Таңдай қақтырар тәтті
Еліміздің қай бұрышында жүрсек те, танысқан жанға қазалылық екеніңді айтсаң, «Қазалы кәмпиті» жайлы сұрай кетуі қалыпты жағдай. Бүгінде қазақтың бай дастарқанында небір әлемдік брендтермен қатар қойылатын «ащы кәмпитті» ұнатпайтын, аңсары ауып іздемейтін қазақ жоқ. Бұны еліміздің басқа қалаларында «Қазалы кәмпиті» деп іздесе, қазалылықтар «ащы кәмпит», кей әжелеріміз «мұз кәмпит» деп те атап жатады.
Шет мемлекеттерге танылып үлгерген «Қазалы кәмпитін» алғашқылардың бірі болып өндіруді Қазбергеновтер бастаса, бүгінгі күні кәсіпкер Сандуғаш Әбілқасымқызы да цех ашып, өз алдына бизнесін жандандырып отыр.
2018 жылы тек жалбыз, барбарис, бор кәмпит, аралас кәмпит түрлері жасалса, жаңа цех оның 8 түрiн шығарады. Дәлірек айтсақ, жалбыз, pоkс, барбарuс, coлoмкa, лuмон, шоkолад, апельсuн, дюшеc секілді түpлерімен қатары толыққан. Бүгінде тәттіге сұраныс артып, Қазақстанның өзге қалаларына да таралуда. Аталған цехта тәулігіне 150 келі кәмпит дайындалады екен. Сұраныс артқан сайын өнім көлемі де артуда. Брендке айналған кәмпит әр қазақтың үйінен табылады.

«Қазалы» сабыны
Ауданның атын көпке танымал етіп жүргендер қатарына өткен жылы «Қазалы сабыны» да қосылды. Қазалыдағы сабын өндіру кәсібінің негізін қалаушы қазалылық – Руслан Бөлекбаев. Ол біраз уақыт арнайы курстарды оқып, оны тек теориялық тұрғыда емес, тәжірибе жүзінде де іске асырып көрген. Сонан соң, Орал қаласынан Ресейде жасалған ең сапалы құрылғыны ауданға алып келді. Одан бөлек кір сабынның бұл түрін пайдалану адамға зиянсыз екендігін айқындау үшін арнайы орыннан сертификат алған. Себебі «Қазалы сабыны» 7 түрлі табиғи заттан жасалады. Яғни, ешбір химиялық қоспа жоқ.
Қазіргі таңда 170, 200, 250, 300 және 350 граммдық сабыннан тәулігіне 3 мың дана шығарып жатыр. Сабынның бағасы да тұрғындар үшін әлдеқайда қолжетімді. Ал сабын сұранысына келер болсақ, бүгінде Қазалының түкпір-түкпірінен және ауданнан тыс аймақтардан да кең көлемді тапсырыстар түсіп жатқан көрінеді.
Кәсіпкер мұнымен тоқтамай, Ресей елінен арнайы дәретхана қағазы, қағаз майлық және қағаз сүлгі шығаратын құрылғыларға тапсырыс берді. Русланның айтуынша, ісі оңынан басса, бұл құрылғымен жұмыс жасауға 10-15 жанды жұмыспен қамтуға болады екен. Алдағы уақытта Русланның жаңа бастамалары да «Қазалы брендіне» айналады деп сенеміз.


Серік АҚМЫРЗА
24 қаңтар 2023 ж. 520 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930