Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты»: Жаңа мүмкіндіктерге жол

«Ауыл аманаты»: Жаңа мүмкіндіктерге жол

Жоба аясында ауылшаруашылық техникасы мен құралдарына лизинг беру, жеңілдетілген кепілдік жүйесі, кооперативтерге арналған инвестициялық субсидиялар беру, агрокәсіптік кешен саласындағы білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар.
«Ауыл аманаты» жобасының несиелік бағдарламасына ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыстан босатылған қызметкерлер, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей табыс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізіу) жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақысыз қызметті өз бетінше жүзеге асыратын адамдар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, сату үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері қатыса алады. Алайда бұл тізім нақты ереже дайын болған сәтте өзгеруі де мүмкін.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 27 ауылдық округ жобаға қатысуға мүмкіндік алған. Оның ішінде қазалылық үш ауыл бар.
– «Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған» пилоттық жоба біздің өңірде енді жүзеге асады. Қазіргі таңда жобаға қатысуға ниет білдірген Қазалы ауданының 8 ауылдық округінің құжаттары дайындалып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы арқылы ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Ауыл аманаты» жобасының кеңсесіне мәліметтер жіберілді. Барлық талаптарға сай келген Қарашеңгел, Құмжиек, Ақжона ауылдық округтері жобаға қатысуға мүмкіндік алды. Қалған бес ауылдың нәтижесі жуырда белгілі болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов.
Көптің көкейіндегі «жоба қандай бағыт бойынша жүзеге асады?» деген сауалға мамандар былай деп жауап берді.
«Жоба бес бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Біріншіден, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану. Жалпақ тілмен айтқанда, өз аулаңызда өнім өндіріп, оны саудаға шығару. Екіншіден, мал шаруашылығын дамыту. Үшінші бағыты бойынша тұрғындардың ауыл сыртындағы жерді тиімді пайдаланып, кәсіп етуіне болады. Төртінші, бұрыннан бар ауыл шаруашылығы кооперативіне қажетті құрал-жабдықтар, қондырғы және техникаларға қол жеткізгіңіз келсе, жобаға қатысып, жеңілдетілген несие алуыңызға мүмкіндік бар. Пилоттық жобаның соңғы бесінші бағыты жеке кәсібін ашып, ісін алға өрлетем деушілерге арналған».
Қажетті қаражатқа қол жеткізген соң асыл тұқымды ірі қара малды, етті-сүтті, құсты және басқа да жануарларды өсіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсібімен айналыса аласыз. Мәселен, ­наубайхана, кондитерлік өнімдер, сүт жинау секілді қызметтерді халыққа ұсынсаңыз болады. Сондай-ақ қызмет көрсету, туризм және басқа да бизнес түрлерін дамытам деушілердің де жобаға қатысуға мүмкіндігі бар.
Баса айта кетерлік жайт, сол ауылдың тұрғылықты тұрғыны болуыңыз керек. Жеңілдетілген несие алу үшін кепіл мүлкіңіз, несие тарихыңыздың жақсы болуы және бизнес жоспарыңыздың нақты әрі тыңғылықтылығы аса маңызды. Өйткені, несие берілерде осы үш критерийге баса назар аударылады.
Мамандар көп тұрғынның басты мәселесі – ақшаға қол жеткізсем болды деп ойлайтынында жатыр дейді. Бизнес бастаймын деген жанның алдымен нақты бизнес жоспары болуы керек. Мақсатты жұмсалған қаражат өз жемісін береді. Екіншіден, ойға алған кәсібін жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтарын сайлап, оның маркасын, бағасын, қайдан сатып алуға болатындығын алдын ала зерттеп, зерделеп алған жөн. Мамандар кепіл мүліктің несие алушының атында болуы міндетті емес екендігін айтады. Несие алушының жобаны жүзеге асыратынына сенімді серіктесі, туысы немесе таныс-достары жылжымайтын мүлкін сенімгерлікпен кепілге қоя алады. Кепіл мүліктің құқықтық құжаттары, техникалық паспорты міндетті түрде заңға сәйкес болуы шарт. Сондай-ақ несие тарихының таза болуы маңызды. Яғни, соңғы 1 жылда 90 күннен аса кешіктірілген төлем болмауы тиіс. Көбіне онлайн жылдам несие алғандарға кедергі көп кездеседі екен. Себебі, несиесін жапқанымен, анықтама алмағандықтан несие тарихында «қарыз» деген ақпарат қалуы ғажап емес. Осы бастан несие тарихыңызды шығартып алып, тескеріп қойғаныңыз жөн.
– Микрокредит мерзімі бес жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін жеті жылға дейін беріледі. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 2,5 мың айлық есептік көрсетікішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін.
Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Халыққа аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмысын топ елді мекендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлер саны көбейіп, ауыл тұрғындардың әл-ауқаты жоғарылайды деген сенімдеміз, – дейді Сапарбек Қуатов.


Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 қаңтар 2023 ж. 767 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930