Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы аяқталды

Қызылордадағы «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы аяқталды

Қызылорданың сол жағалауында салынып жатқан «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы аяқталды. Құрылыс көп қой, бірақ бұл нысанның алаш баласы үшін орны ерек болғалы тұр. Өйткені кешен бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының негізінде салынған.
1925 жылға дейін қазақтарды империяшыл Ресей «қырғыз-қайсақ» деп кемсітіп келгендігі белгілі. Ал қырғыздарға «қара қырғыз» деп айдар тақты.
Қазақ астанасын қиырдағы Орынбордан орталыққа көшірген Сұлтанбек Қожанов бастаған алаш қайраткерлері империямен жағаласып жүріп қазақ деген атауды қайтарды.
Байтақ халқымызды басынғысы келген келімсектерге есіктегі орнын көрсетті. Жаңа астанаға «Қызылорда» деген атау беріп, жаңа үкіметтің үйін салды. Бірақ замананың ұйытқыған желі тарихи нысанды бұзып тынған болатын. Жаңа орталық салу туралы шешім қабылданғанда ғалымдардың мұрағаттан тапқан ғимараттың сызбасы негізге алынған. Киіз туылдырықты алашты өз алдына егемен ел қыламыз деп басын бәйгеге тіккен қазақтың асыл азаматтарының иісі сіңген киелі жерге ұлттық жаңғыруға негізделген кешен бой көтерді. Қазақ Орталық Атқару комитеті үлгісімен салынған бұл ғимараттың бір жағында «Рухани жаңғыру» орталығы, бір жағында музей орналасады.
– Сырдария өзенінің сол жағалауы игеріле бастағалы алғаш салынып біткен орталық ғимараты болды. Мемлекеттік комиссия ғимаратты қабылдап алды. Қазақ Орталық Атқару комитетінің ғимаратының сызбасымен салынған нысан астана болған Ақмешітте халыққа қызмет еткен Жалау Мыңбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Ұзақбай Құлымбетов, Әлихан Бөкейханов секілді Алаш қайраткерлерінің ұлт алдындағы еңбегіне құрмет, – дейді орталық директоры Нұрлыбек Мыңжасов.
Құрылыс мердігері, «ПромСтройСервис» серіктестігінің бас директоры Манарбек Еспембетов бұрынғы ғимарат қаланған Николай заманындағы кірпіш табылмағандығын айтады. Бірақ сол негіздегі кірпішті Ресейдің Белгород қаласынан алдырған.
17 мамыр 2018 ж. 3 317 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031