Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың маңдайына "екілік" баға салып берген педагогтардың басы бәлеге қалды

Оқушылардың маңдайына "екілік" баға салып берген педагогтардың басы бәлеге қалды

Өзбекстанның Халық білім беру министрлігі Ташкент облысы Бекабада қаласындағы №5 мектептің директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бұл мектептегі мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына "екілік" баға салып бергені үшін басы дауға қалған, - деп хабарлайды Gazeta.uz интернет-басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұның алдында жергілікті басылымдар Бекабада қаласы мен Ташкент облыстық халықтық білім беру басқармаларының ерекше оқу үлгерімін бағалауда "ерекше әдіс" қолданған мұғалімге қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Қақ маңдайына "екілік" баға сызылған балалардың суреті әлеуметтік желілерде таралған.
Сонымен қатар, осы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және рухани ағарту ісі жөніндегі орынбасары қызметтік міндетін атқаруды салғырттық танытқаны үшін қызметінен қош айтысыпты. Бірінші сыныптарға сабақ беретін тағы екі мұғалім жұмысынан айырылған. Ал қалалық халық білім беру бөлімінің жетекшісіне сөгіс жарияланған.
Ташкент облыстық халық білім беру басқармасының басшысы мұғалімнің әрекетінен зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесіп, олардан кешірім сұраған.
Ендігі кезекте педагогтардың әрекетіне құқық қорғау органдары құқықтық баға береді.


16 мамыр 2018 ж. 1 411 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031