Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық ауыз әдебиеті – мәдени мұра

Халық ауыз әдебиеті – мәдени мұра

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады.
Лақалы ауылдық клубында клуб қызметкері Айнұр Әлімбаева ның ұйымдастыруымен  2022 жыл  «Балалар жылы» аясында балаларды ертегі,  мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы  ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге, ой-өрісін кеңейту мен өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой-жүйріктігін дамыту мен өз тілін мақтан ете білуге, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап және ой қозғау мақсатында «Ауыз әдебиеті – мәдени мұра» атты әдеби-сазды ойын-сауықты кеш өткізілді.
Кеште ертегілерден драма үйірмесінің мүшелері «Жалмауыздан қашқан қыздар» ертегісін сахналаса, шешендік өнерден «Төле бидің шешендігі» атты көрініс көрсетті. Содан соң «Кіл тапқырда-кім тапқыр» атты интеллектуалды сайыс өткізіліп,балалар «Талантты қыздар» және «Құйын» тобы болып екіге бөлініп жарысып, жасырынған ұяшықтарды таңдау арқылы мақал -мәтелдің жалғасын тауып, жұмбақтың жауабын айтып, жаңылтпаштарды қайталап, өз өнерлерін көрсетіп, ұяшықта жасырынған жүлделі сыйлықтарға да ие болды. Сайыс нәтижесі бойынша өте шапшаң тапқырлық танытқан «Талантты қыздар» тобы жеңіске жетті. Кеш өте әсерлі өтіп балалардың көңілінен шыға білді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

25 қараша 2022 ж. 893 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031