Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас мамандар үшін жаңа мүмкіндік

Жас мамандар үшін жаңа мүмкіндік

Шынын айту керек, қазіргі күні оқу бітірген көп азамат екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Жергілікті атқарушы органдар жас маманның бітірген мамандығына сәйкес түгелдей жұмыс тауып бере алмайтынына үйрендік, деп хабарлайды qazaly.kz ақпарат агенттігі.
Десек те, кәсіптік ілім алған мамандарға серіктестіктер тарапынан сұраныс баршылық. Білімі толысқан азаматтар мен жұмыс берушілердің арасында байыпты байланыс орнатылған. Мұны Қазалы қаласындағы колледжге барғанда білдік. 15 қараша күні Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде жұмыс берушілердің ашық есік күні өткізілді.
Әрине, колледждегі оқуын тәмамдап, жұмысқа тұруды ойлап жүрген студенттерге ең алдымен аудандағы серіктестік немесе мекеме басшылар мен өкілдерімен жүздесу, алған білімін іс жүзінде дәлелдеу маңызды. Жас мамандарға сенім берушілер қатарында қамқорлық алған, дуальды оқытуға қатысатын, мақсатты кадрларды даярлауға ұйымы, колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отырған кәсіпорын өкілдері де бар. Ашық есік күніне жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы, ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Меймандар шара барысында колледждің материалдық-техикалық базасымен танысып, "Жас маман" жобасы бойынша алынған заманауи техникалар мен құрал -жабдықтарды көрді.
Ашық есік күнінің «RITCH СЕССИЯ» бөлімін колледж директоры Арман Мусаев ашып, колледжде жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламалар мен атқарылған жұмыстар барысына тоқталды. Кадр даярлауда әлеуметтік әріптестердің маңыздылығы жайында баяндады. Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қаршыға Арзақынов «ТжКБ ұйымдарындағы мамандарды даярлаудағы жаңашылдықтар», «Педагог-сарапшы» санатты өндірістік оқыту шебері Есенов Серікбол Жиентайұлы «Кәсіпорындарда инженер-педагогтардың тағылымдамасы» тақырыптарында баяндама жасады. Ашық есік күніне қатысушы әлеуметтік әріптестер өкілдерімен еркін форматта пікір алмасты.
Берері мол жиында Қазалы аграрлы - техникалық колледжі директоры Арман Қонысбайұлы мен «Агро-Өркен» ЖШС директоры Медеу Есқожаев және «Сыр маржаны» ЖШС директоры Өтеев өзара әріптестік меморандумына қол қойды. Сондай-ақ, «ПРЕСС ЛАНЧ» және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бөлімінде шараға қатысушы әлеуметтік серіктестік өкілдері бітіруші топ студенттерімен кездесіп, мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Бітіруші түлектер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарынан лайықты жауап алды.
Шараны қорытындылаған Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Уәлихан Ықылас техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітіруші түлектерін жұмыспен қамтып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Қазалы аграрлы – техникалық колледжімен тығыз байланыстағы «Агро-Өркен» ЖШС директоры Медеу Есқожаев пен «Сыр маржаны» ЖШС директоры Жамаладин Өтеевке Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатын табыстады. Сонымен бірге «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Қазалы аудандық филиалы, аудандық ветеринариялық станциясы, «РЗА-АГРО», «Жылу ХХІ», «Намыс-Құрылыс» серіктестігі және Қазалы аудандық ветеринариялық зертхана басшылары Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Ал «Қазалы-Жолшы», «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы, Қазалы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, «Селеубаева А.» серіктестігінің басшылары Қазалы қаласы әкімінің ризашылығын сезінді.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
20 қараша 2022 ж. 354 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031