Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледжге түсу кезінде талапкерлер бірнеше мамандықты таңдай алады

Колледжге түсу кезінде талапкерлер бірнеше мамандықты таңдай алады

Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында колледжде оқуға ниеттенген талапкерлер бірнеше мамандықты таңдай алады. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауға көшті. Бұл үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Осылайша кәсіпорын өз базасында педагогтер мен студенттердің практикасын ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру міндетін өзіне алады. Аталған шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ, студенттен қорытынды емтихан қабылдап, практикадан өткізіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа алады», деп түсіндірді Насымжан Оспанова.

Айта кетсек, биыл колледждерге құжат қабылдау 20 маусымнан басталады.
«Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 баллға дейін шекті бал және эссе жазу талабы сақталған», деп қосты ол.
06 сәуір 2022 ж. 278 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930