Болашағымыз үшін бірге таңдау жасайық
qazaly.kz. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыру жолында қолға алынып жатқан, саяси науқандардың қандайы болсын маңызы ерек. Ал кезектен тыс өткелі тұрған Президент сайлауының маңызы тіптен басым-ерекше деп есептеймін. Өйткені Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында қолға алынып жатқан кешенді реформалар көшін мықты басшы басқаруы керек. Бұл жолда – таңдау жолында Сіздер мен Біздер қателеспеуіміз керек. Бұл ел болашағына байланысты.
Мемлекет тарихындағы ең маңызды нәрсе, бұл – сайлау. Ал, алдағы кезектен тыс Президент сайлауы жаңашылдықтарға, баянды болашаққа деген үміт пен сенімге толы.
Мемлекет басқару ісі 7 жылға дейін ұзартылып, Президент өкілеттілігі бір реттік болып бекітілді. Осы уақыт аралығында сайланатын Отанымыздың басшысы өз бағдарламасында қабылдаған-көздеген мақсаттарын жүзеге асыруға үлгереді, Қазақ Елін жаңа белестерге көтереді. Сол үшін де үміткерлердің ішінен әділетті Мемлекет басшысын таңдау – бәріміздің де, әсіресе жастардың алдындағы басты міндет болып табылады, егер өмірім жақсарсын десең.
Ұлы Қазақ даласының егасы - Қазақ халқының мұңын-мұңдап, жоғын-жоқтайтын, болуы мүмкін-ау деген қиын күндерден алып шыға алатын кемеңгер де, көреген басшыны сайлауға бәріміз үлес қосуымыз керек.
Елдің болашағы - ЖАСТАР дейміз, ал сол жастардың жағдайын жақсартатын, баянды болашағын қамтамасыз ететін және сол жастардың ішінен болашақ Президентті тәрбиелейтін - қараша айының 20-шы жұлдызында сайланатын әділетті, ақиқатшыл, жүрегі Қазақ халқы деп соғатын Президент болмақ!
Бұл сайлау Қазақ Еліндегі жаңа кезең болатындығы айдан анық. Сондықтан да әрбір АРАНДЫЛЫҚТАРДЫ – ЖАСТАРДЫ жарқын болашағымыз үшін кезектен тыс Президент сайлауына біркісідей атсалысуға шақырамын!
АЛҒА, АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ!!!Ақтілеу БАЙМҰРАТ,
Жетекші маман