Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Mercedes-Benz робот-такси шығаруда Tesla-ны қайталамайды

Mercedes-Benz робот-такси шығаруда Tesla-ны қайталамайды

Mercedes-Benz-тің бас техникалық директоры Маркус Шефердің айтуынша, неміс автомобиль өндірушісі адам басқаратын таксилер мен жүргізушілер жолға мүлдем көңіл бөлметіндей 3-деңгейлі автоматтандырылған жүйе жасауды қолға алды. Мұндай көліктегі жүйенің жұмысы туралы theverge.com сайтына сілмесе жасап aikyn.kz хабарлайды.
Mercedes-Benz техникалық директоры Маркус Шефер Силикон алқабына сапары барысында неміс автоөндірушісінің Саннивейлдегі (Калифорния штаты) зерттеу және дамыту орталығында өз командасымен және жергілікті технологиялық компаниялармен кездескен.
Компания электрлі көлік платформасына ауысуды бастады. Фото Mercedes-Benz AG сайтынан алынды
Бұл кездесулерде Шефер «болашақтағы ықтимал серіктестіктермен қызықты талқылаулар болғанын» айтқан.
Mercedes-Benz барлық көліктерін электромобиль платформасына ауыстыру жолында және АҚШ-та сатылымға 3-деңгейлі жүргізушіге көмек көрсету технологиясы бар жеңіл автокөліктерді ұсынатын алғашқы өндіруші болмақшы. Бұл жүйе жүргізушіге жолға мүлдем қарамауға немесе көлікті өте сирек жағдайларда ғана басқаруға мүмкіндік береді.
Mercedes Калифорнияда Drive Pilot мүмкіндігін іске қосқысы келеді, бірақ бұл реттеуші органдардың мақұлдауын қажет етеді. Атқарушы директор Сакраментода ресми тұлғалармен кездескен.
«Олар технологияны, біздің қауіпсіздік философиямызды және тіпті тұтынушыларды осы 3-деңгей жүйесінде қалай оқытатынымызды түсінеді. Сондықтан бұл өте маңызды кезең: реттеушілермен кездесу, жүйені түсіндіру және жүйені қолдануға өтініш әзірлеу», – дейді техникалық директор.
Mercedes Drive Pilot жүйесінің 3-деңгейдегі функциялары жүргізушілерге (белгілі жылдамдықпен авто магистральдарда) рульден қолдарын алып, жолға назар аударуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Әзірше, нарықта басқа ешқандай компания бұндай мүмкіндік ұсына алған жоқ.
Mercedes-Benz-тің техникалық директоры Маркус Шефер компанияның 3-деңгейдегі автоматтандыру мүмкіндігі туралы мемлекеттік реттеушілермен кездеседі. Фото Mercedes-Benz AG сайтынан алынды
Бұған дейін тек Илон Маск өзін-өзі басқаратын Tesla көліктері иелеріне ақша таба алатынын мәлімдеп, 2020 жылы көлік жолдарында жүргізушісіз миллион Tesla таксилері болатынын хабарлады. Әзірше Масктың сөздері орындала қоймады.
Ал,Mercedes 2030 жылға қарай толығымен электромобильдер шығаруға көшуді жоспарлап отыр. Бұл Калифорнияда бензинмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салу жоспарынан бес жыл бұрын іске аспақшы.
Заманауи автокөлікті ойлап тапқан компания ретінде Mercedes автокөлік эволюциясының келесі қадамына дайын сияқты көрінеді. Тиімді әрі нақты автономды мүмкіндіктері бар электромобильдер өндірісіне көшуге барлық күш-жігерін жұмылдыру арқылы қол жеткізбек.
07 қараша 2022 ж. 314 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031