Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қара металлургия өнімдерінің өндірісі 2 есеге жуық өсті

Қазақстанда қара металлургия өнімдерінің өндірісі 2 есеге жуық өсті

Қазақстанда қара металлургия саласында 193 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы индустриялық даму комитеті қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өңдеу өнеркәсібіндегі қара металлургияның үлесі - шамамен 18,6 пайыз. Бүгінгі таңда салада 193 кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы алғанда, қара металлургия кәсіпорындарында шамамен 36 400 адам еңбек етеді. Статистикаға сәйкес, 2017-2021 жылдары аралығында қара металлургия өнімдерінің өндірісі 1,9 есе өсті», - деді Жанат Игісінов «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында.
Оның атап өтуінше, саладағы негізгі көрсеткіш саналатын нақты көлем индексі 2021 жылы 102,2 пайызды құраса, 2022 жылдың 9 айында 100 пайыз болды.
«Әрине, төмендеу бар. Бірақ меніңше, жыл соңына дейін қуып жетеміз және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп үміттенемін. Ал биыл қара металлургия бойынша жоспар 103 пайыз орындалды», - деді ол.
03 қараша 2022 ж. 1 464 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031