Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталушы ауыр сырқатқа шалдықса сот залынан босатылмақ – заң жобасы

Сотталушы ауыр сырқатқа шалдықса сот залынан босатылмақ – заң жобасы

Елімізде ауыр сырқатқа ұшыраған сотталушыларды сот залынан бірден босату ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасын таныстырған ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Норма жазасын өтеп жатқан адамдарға ауыр аурулары болған кезде адамгершілікпен қарауға бағытталған. Қылмыстық-процестік кодексінің 471-бабына сотталғанды босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін ауруына байланысты жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сот қаулысын дереу орындауды көздейтін толықтыру енгізу ұсынылады», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде әртүрлі ауыр сырқаттармен ауыратын сотталғандарға арналған материалдар Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Арнайы медициналық комиссиясының қорытындысынан кейін сотқа ұсынылады. Бұл ретте оларды сотта қарау және қаулының заңды күшіне енуі белгілі бір уақытты алады. Мәселен, 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін 441 науқас сотталғандардың 75-і соттардың материалдарды қарауына дейін өмір сүрмеген. Ал 31-і сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қайтыс болған.
«Осыған байланысты сотталғандарды оларда ауыр сырқаттар болған жағдайда тікелей сот залынан босату ұсынылады», - деді Марат Қожаев.
19 қазан 2022 ж. 470 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 153

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 126

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031