Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 қазанда Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады

26 қазанда Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Прогресс МС-21» көліктік жүк кемесін (КЖК) ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды inform.kz.
«Прогресс МС-21» КЖК бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшыру 2022 жылдың 26 қазанына жоспарланған.
Ғарыштық жүк көлігі станцияға шамамен 2500 кг жүкті, соның ішінде жанармай, қосымша ауызсу және сығымдалған азотты, сондай-ақ 68-ші ұзақмерзімді экспедиция экипажының жұмысы мен өмірін қамтамасыз етуге арналған 1360 кг түрлі жабдықтар, материалдар мен азық-түлікті жеткізеді.
Өз кезегінде ХҒС да жаңа ғарыштық жүк көлігінің келуіне дайындалып жатыр. Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, орбитада жұмыс істеп жүрген ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Прогресс МС-21» кемесімен ауыстырылатын «Прогресс МС-19» жүк кемесін ХҒС-тан шығаруға дайындауда.
Байқоңырдан осының алдындағы ұшыру бір ай бұрын, яғни 2022 жылдың 21 қыркүйегінде өтті. Халықаралық ғарыш станциясына құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Фрэнк Рубио бар экипаж аттанған болатын.

19 қазан 2022 ж. 321 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031