Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын күз – 2022» алауы тұтанды

«Алтын күз – 2022» алауы тұтанды

Өткен бейсенбіде ауданда ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасының алауы тұтанды. Салтанатты ашылу рәсімі Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионда өтті. Ауқымды шарада алдымен әрбір ауданның командалары сап түзеп, жасыл алаңға жиналды. Әр ауданның намысын арқалап келген маңдайалды спортшыларды орталық алаңға спорт бөлімінің басшылары бастап шықты. Республиканы ғана емес, Азияны бағындырып жүрген Қазалының мақтаныштары жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Шараның ашылуында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, спартакиадаға қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
– Спорт – елдің мерейін асырып, абыро­йын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары Сыр спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Әлемдік аренада көк туымызды желбіреткен даңқты спортшылардың арасында қазалылықтар да бар.
Атап айтар болсақ, Марина Вольнова 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарында бокстан қола медальді жеңіп алды. Бүгінгі таңда Қазалының қайсар қызы тек біздің ғана емес, бүкіл Қазақ елінің мақтанышы десек артық айтқандық емес. Бүгінде қасиетті өлкеде Маринаның лайықты ізбасарлары өсіп келе жатыр. Олар жыл сайын өткізілетін ауыл спортшыларының спартакиадасында лайықты өнер көрсетеді деп ойлаймын. Спартакиадада жеңіске жеткендер еліміздің даңқын асқақтатар, әлемдік аренада көк туымызды желбіретер спортшы болуына тілектеспін, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов та құттықтау сөз сөйлеп, облыстық деңгейдегі шараның маңыздылығына тоқталды.
Артынша спартакиаданың алауы салтанатты түрде жағылды.
Айта кеткен жөн, спорттың 15 түрін қамтитын аламанда аймақтың барлық аудандарынан келген кіл мықты 1000-нан аса спортшы өзара бақ сынайды. Тоғызыншы қазанға дейін жалғасатын аламанның кей спорт түрі аяқталып үлгерді. Соның ішінде жерлестеріміз үстел теннисінен өткен бәсекеде өзгелерден үздік атанды.


Абзал ЖОЛТЕРЕК
08 қазан 2022 ж. 447 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 104

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930