Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік болды. Шара аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майра Разақова «Мейірімділік – асыл қасиет» атты эссе байқауын ұйымдастырды. Оған 5-11-сынып оқушылары белсене қатысты.

«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен танысу және мемлекеттің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен шара арқылы жас ұрпақты ата-анасына, жалпы адамға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгі қасиеттерге тәрбиелеу көзделді.
Эссе байқауында бірінші орынды 11-сынып оқушысы Ақтоты Қожбан иеленді. 6-сынып оқушылары Ақбота Тағыберген, Айдана Кеңес екінші, 10-сынып оқушысы Айжан Орналиева, 6-сынып оқушысы Жібек Сухан, 5-сынып оқушысы Іңкәр Еркін үшінші орын алды.
Қуандық ДАЙРАБАЙ
16 сәуір 2019 ж. 3 876 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 312

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031