Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «Байлық салығы» 2024 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

Қазақстанда «Байлық салығы» 2024 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

Қазақстанда «Байлық салығы» 2024 жылдан бастап енгізілуі мүмкін. Байлар мен шенділерден аста-төк сән-салтанат үшін алынатын төлем нормасын енгізу мерзімін Ерұлан Жамаубаев жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі заңнаманың іске асырылу барысын таныстырды. Төменгі палата өкілдері бас қосқан жиында бұдан бөлек тағы бірқатар маңызды құжаттарға өзгерістер енгізу ұсынылды.

Сән-салтанат салығы 2024 жылы пайда болуы мүмкін деген Қаржы министрі жаңа өзгерісті Салық кодексіне енгізу мәселесінің пысықталып жатқанын жеткізді. Бұл жұмыстар 1 жылға дейін жалғасып, соңынан Мәжілістің қарауына жіберіледі.
 
«Біз жұмыс тобын құрдық. Алдымен жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын жасап, жариялаймыз, содан кейін жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісеміз. Онда біз қандай сомаға, қандай мүлік қамтылатынын көрсетеміз. Мұның әзірге нақты қалай жүзеге асырылатыны белгісіз. Барлық ұсыныс-талаптар жан-жақты сараланатын болады», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ал балалар төлқұжатына арналған баж салығы керісінше, 2 есе төмендеуі мүмкін. Ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі айтты. Құжатты таныстырған Әлібек Қуантыров төлқұжаттағы парақ санына қарай Қазақстан азаматының паспортын беру үшін төлем мөлшерлемесін азайту көзделгенін мәлімдеді.

«АХА тіркеу үшін төлемдерді алып тастау ұсынылады. Беттер санына байланысты ҚР азамат паспорт беру үшін мемлекеттiк баждың сараланған ставкалары, сондай-ақ балаларға арналған мемлекеттiк бажды 2 есеге азайту ұсынылады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Мәжілісмендер кәсіпкерлікке қатысты таңы бір құжатты мақұлдады. Енді шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем енгізіледі. Жиынтық төлемді азайта отырып, біріңғай алымды еңгізуді Президент тапсырған болатын. Пәрменді іске асыруға кіріскен министрлік төлемді шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолданатынын айтты. Өзгеріс төлемдерді есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салық жүктемесін азайтуға да мүмкіндік бермек.

«Қазіргі уақытта еңбекақы қорынан мөлшерлемелері, есептеу базалары әртүрлі бірнеше төлемдер жүргізіледі. Бұл төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылды. Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемдерге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Қуантқан тағы бір жаңалық азаматтық авиация саласында сертификаттар беру кезіндегі алымдар жойылады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қызметтерді өзін-өзі қаржыландыратын ұйым көрсетеді. Теміржол көлігі саласында да нөлдік тариф қолданылмақ. Ол жүйені одан әрі дамытуды көздейді.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астанадан
22 қыркүйек 2022 ж. 722 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930