Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асатудың астарында құрмет жатыр

Асатудың астарында құрмет жатыр

Асату – үлкендер мен жастардың арасындағы сыйластық сезімін нығайтып, берік қыла түсетін ерекше салт. Себебі бұл дәстүрде ақсақалдар өзінен жасы кішілерге еттен ауысқан тамақтан беріп, сыбағасын ұсынады. Енесі не абысын-ажындар келіндерге асатады. Қарама-қарсы тарап қарсылық танытпауы тиіс. Бастарту – сыйламағанның, құрметтемегеннің белгісі. Бұрынырақта балалар қариялардың ет жеп болғанын тағатсыздана күткен. «Асату қашан жейміз?», – деп есіктің айналасынан шықпаған. Ет асататын адам: «Дәмді жерінен же!», – дейтін болған. Қағидаға сәйкес, келіні сыбаға берген енесіне сәлем салады. Ерлер ет асамас бұрын «құлдық», – дейді.
Әдетте асату дәстүрі той жасағанда, ас бергенде орындалады. Әуелі қарт кісілер, әулеттің үлкендері немесе ерекше қонақтар алдарына қойылған асты жейді. Ас-дәмге тойған соң, қолына алдындағы табақтан бір уыс қылып ет алады. Сөйтіп жастарға ұсынады.
Жаңа ғасырда көп дүние өзгеріске ұшырады. Талай дәстүрлеріміз ұмытылып, кейбірі мүлдем жойылып та кетті. Асату дәстүрі өткен ғасырдың аяғына дейін күнделікті тұрмыста қолданыстан шықпай жүрген. Бүгінгі күнде де бұл салтты білетіндер мен оны өмірде орындайтындар тым жоғалып кетті деп айтуға келмейді. Дегенмен атын естімегендердің қатары да жоқ емес. Естісе де, басқаша оймен қабылдайды. Көбі оны ескірген дәстүрдің санатына қосып, қолмен ас ұсынғанды ерсі көреді.
– Қазақ халқында үйге келген кез келген адам қонақ саналып, дәмнен ауыз тиюге тиіс. Бұл әдет сонау заманнан бері келе жатыр. Ол қонаққа, асқа деген ерекше ықыласты білдірген. Асату кезінде жасы кішілер мен ақсақалдар бір-біріне құрмет білдірген. Ал жастар кішіпейілділігін көрсеткен, тәрбиелік мәні де осында десе болады. Ақсақалдар жастарға табақтағы еттің бір бөлігін беріп, өз қолын дәм ауыз тигізген, асатқан деп айтады. Жасы кішкентайлар асатудан ешқашан бас тартпаған, яғни одан бас тартуға болмайды. Оны кішінің құрметсіздік көрсеткені деп түсінген. Ал бүгінде асату дәстүрі біртіндеп ұмытылып келеді. Көненің ізін өшірейін деген қарт-қария жоқ. Тек бұл нәрседен жиреніп, қолдан асаудан бас тартатын жас көп. Өз басым балаларыма, немерелеріме бұл дәстүрді кеңінен насихаттап, ата мұрасы санадан мәңгілік өшпеуін ұдайы айтып жүремін, – дейді.
Серік АҚМЫРЗА

20 қыркүйек 2022 ж. 446 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031