Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райына байланысты Қарағанды трассаcы бақылауға алынды

Ауа райына байланысты Қарағанды трассаcы бақылауға алынды

Теміртау–Астана бағытында жүргізілген шаралар барысында 30-ға жуық жүргізуші кері қайтарылған.
Ауа райына байланысты Қарағанды трассаcы бақылауға алынды
Фото: www.istockphoto.com
Қарағанды облысында патрульдік полиция ауа райының күрт өзгеруіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауа температурасының төмендеп, жаңбыр мен қардың аралас түсуіне байланысты жол қозғалысы бақылауға алынды. Қазір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшкен. Тіпті, облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда полиция жасақтарының саны көбейтілді. Қызметкерлер көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы тәртіп пен сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстап отыр.
Республикалық маңызы бар автожолдарға 26 автопатруль мен 55 полиция қызметкері жұмылдырылды. Әсіресе, Қарағанды–Астана бағытындағы трассада полиция қызметкерлері бақылауды күшейтіп, қысқы көлік дөңгелектеріне ауыстырылуын қадағалауда.  Патрульдік полиция қызметкерлері жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерді тоқтатып, олардың қала сыртына шығуына шектеу қоюда. Мәселен, Теміртау–Астана бағытында жүргізілген шаралар барысында 30-ға жуық жүргізуші кері қайтарылған.
–  Кеше облыс аумағында жауын жауса, бүгін сынап бағанасы –14 градусты көрсетіп тұр. Кейбір учаскелерде көктайғақ байқалады. Сондықтан барлық жүргізуші мен жолаушылар қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарайды деп сенемін, – деді облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Полиция жүргізушілерден ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы ережелерін және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
05 қараша 2025 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930