Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңалығы мол Жолдау

Жаңалығы мол Жолдау


Бірінші қыркүйекте көптен күткен ел Президентінің жолдауын көгілдір жәшіктен тамашаладық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, жаңашыл бастамаларды тілге тиек етті. Жолдау тосын жаңалыққа толы болды.
Жиында жария етілген жаңалықтың бірі – Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Балаларға арналған ұлттық қор» атты жаңа бағдарлама болды. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 проценті балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.
– Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 процентін балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын, – деді Президент.
Мемлекет басшысы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалатынын айтты. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететінін және осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды.
Әзірге бөлінетін сома нақты белгіленбегенімен еліміздегі белгілі экономист мамандар сараптап, болжам жасауда. Сондай белгілі маманның бірі – Мақсат Халық «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасына қатысты «Экспресс К» сайтында өз пікірін білдірген еді. Оның айтуынша, Президент көтеріп отырған бас­тама халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Экономист балалардың 18 жыл ішінде шамамен қанша қаржы жинап үлгеретінін есептеп көрді.
– Қазіргі уақытта ұлттық қорымызда 52,5 миллиард доллар бар. Алайда бүгінгі таңда инвестициялық табыстың көрсеткіші сын көтермейді. Бірақ соған қарамастан жылына 10 проценттік кіріске қол жеткізуге болады. Ол үшін сол жолда жақсы жұмыс жасалуы керек. 52,5 миллиард доллардың 10 проценті шамамен 5 миллиард доллардан асып жығылады. Оның 50 проценті, яғни 2,5 миллиард доллар 6 миллион 100 мың балаға беріледі. Бұл дегеніміз жылына әр бала 400 доллар, теңгеге шаққанда 200 мың теңгеден алады деген сөз. Менің ойымша, бұл жақсы инвестициялық бастама. Алдағы уақытта Ұлттық қордың түсімдері артып, инвестициялық кірістілігі өсетін болса, сол жолда білікті мамандар жұмыс жасайтын болса, балалар 18 жылда болашағына деген белгілі бір қаражатты жинақтап үлгере алады, – деді Мақсат Халық.
Айта кетейік, мұндай бағдарлама көбіне дамыған елдерде іске асырылып келеді. Мәселен Араб Әмірліктерінде сол елдің азаматтылығын алған бала кәмелет жасына толғанда 18 мың АҚШ доллары беріледі. Әрине онда да біздегідей жиналған қаражатты шот иесі белгілі жасқа жетемге дейін ала алмайды және тек жылжымайтын мүлікке ғана шығындайды. Осылайша арабтар әрбір азаматына мұнайдан, газдан түскен байлықты жыл сайын беріп отырады.
Осы орайда, балаларының болашағына алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтып қуанған Гүлдана Досхожаева да өз пікірін беруден қалыс қалмады.
– Шыны керек, балалардың есепшотына ұлттық қордан ақша аударып отыру шешімі оң болды. Мұндай тәжірибені біз араб елдерінен және басқа да дамыған мемлекеттерден көріп, тіпті қызыға қарайтын едік. Бұл жаңалық жастардың үлкен өмірге еш қиындықсыз қадам басып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Себебі әр жас үшін жоғарғы оқу орнына түсу мен үй алу сынды мәселелер өте өзекті.
Бүгінде отағасы екеуіміз 2 қыз бен 2 ұл тәрбиелеп отырмыз. Әзірге балаларымның үшеуі мектеп қабырғасында. Бұйырса балғындарымның болашағына алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі мемлекет бөлген қаржыдан жоғарғы оқуын еш қиындықсыз тәмамдайтынына сенімдімін, – дейді кент тұрғыны Гүлдана Әлиқызы.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына мән берсек, барлық жағдайдан хабардар екені, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, ел мүддесі үшін жұмыс жасап жатқанын кезекті дәлелдеп отыр.
Серік АҚМЫРЗА
10 қыркүйек 2022 ж. 577 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930